Павлодар қаласы аумағын абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша мониторинг

А.ж. 4 маусымда қалалық мәслихат депутаттары Б. Смағұлов және С. Богатырев сәулет және қала құрылысы, ТҮКШ қалалық бөлімдерінің, жергілікті полицей қызметінің өкілдерімен бірлесіп аумақты абаттандыру Қағидаларын сақтау, яғни ғимарат қасбеттерінің сыртқы бөлігін рәсімдеу  бойынша мониторинг өткізді.

Мониторинг аясында Павлодар қаласының шағын және орта бизнес объектілері қаралды.

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына келісілді қаланың сыртқы-визуалды жарнамасы эстетикалық түрі және сәулет реңкіне сәйкес болу қажет,  ғимараттардың қасбеттері арнаулы жарнама орындары үшін анықталған жерлерде орналасу қажет.

Көшпелі комиссияның мүшелерімен кәсіпкерлік нысандар басшыларымен аумақты абаттандыру Қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстар өткізілді, қаланың сәулет құрылысы бөлімімен 2 апта мерзімінде ескертулерді жою туралы хабарландырулар берілді.