Балалық шақ мерекесі

Балаларды қорғау күні қарсаңында қалалық мәслихат депутаты, «Айгерім» ЖШС фирмасының басшысы М.Желнов «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ және «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың көмек көрсету орталығы» КММ-не барды. Іс-шара аясында балалар 200 порция балмұздақ түрінде тәтті сыйлықтар алды.

1 маусымда депутаттар өз округтерінде көп балалы отбасыларға барып, балаларды мерекемен құттықтады және тәтті сыйлықтар табыстады.