Мәслихаттың 52-кезектен тыс сессиясы

А.ж. 30 мамырда Павлодар қалалық мәслихаттың 52-кезектен тыс сессиясы өтті, қарастырылған келесі мәселелер:

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы «Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 342/46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2019 жылға арналған қаланың 4 ауылдық елді мекендерінің нақтыланған бюджеттерінің жобалары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Нақтылаудың негізгі себептері:

көп балалы отбасылардан шыққан мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілеріне тамақтануға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 4 367 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлу;

қалалық бюджеттен 30 328 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлу;

жыл басына бюджеттік қаражаттың бос қалдықтарын 5 910 мың теңге сомасында бөлу;

Ленин кенті, Кенжекөл ауылдық округі және Жетекші ауылы бюджетінің кіріс бөлігінің қосымша ресурстарын 4 129 мың теңге сомасында іздестіру болып табылады, оның ішінен:

заңды тұлғалардан көлік салығын ұлғайту есебінен – 2 329 мың теңге;

жергілікті бюджетке басқа да салықтық емес түсімдерді ұлғайту есебінен – 1 800 мың теңге.

Бұдан басқа, конкурстық рәсімдерді жүргізуден шартты қаражатты үнемдеу бюджеттердің жалпы көлемін өзгертпей –  3 609 мың теңгеге қайта бөлінді.

Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы.

Осы шешім жобасын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау қажет.

Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18

сәуірдегі «Павлодар облысы қалалары мен аудандарының жергілікті өкілетті органдарына  алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің

мөлшерлерін келісу туралы» № 112/4 қаулысына толықтыру енгізу туралы» № 119/2 қаулысына сәйкес.

 «Достық» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын  салуға мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін иеліктен шығарумен байланысты жер телімдерін немесе өзге  жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобаларын келісу туралы

Павлодар қаласының бас жоспарына келісілді оңтүстік бағыттағы, Павлодар қаласының дамуы міндетті әлеуметтік-мәдениетті объектілермен көп пәтерлі кешендерінің құрылысын салуға саяжай телімдерін иеліктен шығару есебімен болжамданады. Осыған байланысты, «Строитель» бау-бақша серіктестігінің тұтынушылар кооперативі жер телімін 4 санында жер телімдерін  иеліктен шығару процедурасы бастамашылық етілді.

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы «Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі дербес комиссияның құрамын бекіту туралы» № 264/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Кадрлық өзгерістермен байланысты, шешім жобасы комиссия құрамының өзгерістерімен ұсынылды:

Кенжегүл Бектасқызы Жолжақсынованы, Невмержицкийді, Аспандияр Нұрбайұлы Нұрбаевты, Ержан Мэлсұлы Рахымжановты комиссия құрамынан шығарылсын.

Кенже Садуақасұлы Кеңесбаевты, Эрнест Дмитриевич Соколкинды