Әлеуметтік маңызды азық-түліктердің бағасын мониторингілеу және «Павлодар қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуді ұйымдастыру» мәселесін қарастыру мақсатында а.ж. 25 мамырда қалалық мәслихат депутаты В. Кнутас кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен бірлесіп апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкеге барды.

Ауыл шаруашылық өнімдердің жәрмеңкесі әр сенбі сайын өткізіледі. Жәрмеңкенің басты мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу.

Жәрмеңкеде Павлодар қаласы және Павлодар облысының жергілікті тауа өндірушілері қатысады. Сатушы сөресінде ашымал сүт өнімдері, кондитерлік және макаронды өнімдер, шұжық тауарлары шығарылған.