Депутат Б.Ә. Аманжоловтың жеке қабылдауы

А.ж. 23 мамырда № 5 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты Б.Ә. Аманжолов жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға шағын аудан бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы ардагерлер кеңесінде өткізілетін ұйымдастырушылық шараларға материалдық көмек көрсету мәселесімен келді.  Сонымен қоса қабылдауға Торайғыров көш., 111/1 және Сұрағанов көш., 12/2 үй ағалары сол көшелердің аулаларын абаттандыру мәселесімен көмектесу туралы өтінішпен жүгінді.

Барлық келіп түскен өтініштерге заңнама негізінде түсініктемелер беріліп, бақылауға алынды.