Мәслихаттың 51-кезектен тыс сессиясы

2019 жылғы 30 сәуірде Павлодар қалалық мәслихаттың 51-кезектен тыс сессия өтті, қарастырылған мәселелер:

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019 – 2021 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» № 330/45 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2019-2021 жылдарға арналған нақтыланған қалалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Жалпы 2019 жылға нақтыланған қалалық бюджет көлемі 79 151 998 мың теңгені құрады немесе оның бекітілген көлеміне 803 305 мың теңгеге ұлғайды.

Павлодар қаласы бюджетінің қосымша іс-шараларын іске асыру үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту (нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды есепке алмағанда) 1 178 978 мың теңге сомасында қарастырылған.

Бұдан басқа, бюджеттердің жалпы көлемін өзгертпей, инвестициялық жобаларды іске асыруды бағдарламалық қамтамасыз етуді өзгерту бойынша ішкі түзетулер жүргізумен байланысты 2020 — 2021 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау жүргізілді.

2018 жылғы Павлодар қаласының бюджеттің орындалуы туралы. 2018 жылғы Павлодар, Жетекші ауылдары, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округі бюджетінің IV деңгейінің орындалуы туралы.

2018 жылы Павлодар қаласы түзетілген бюджеті 71 478,2 млн.теңгені 2017 жылғы жоспармен салыстырғанда 14,5% немесе  9 048,6 млн. тенгені құрды.

2018 жылы қала бюджеті бес рет нақтыланды, онысы 7 428,4 млн.теңге немесе 11,6 %-ға бекітілген жоспардан жоғары болып табылуда.

2019 жылғы 1 қаңтарда қала бюджетінің табыс бөлігі 71 478,2 млн.теңге жоспарында 100,3% немесе 71 690,8 млн.теңгеге орындалды. Соманың артығымен орындалуы 212,6 млн.теңгені құрайды.

4-ші деңгей бойынша (ЖӨБ бойынша)  (1-3 санат бойынша)1 қаңтарға 2019 жылға жоспар 71,4 млн.тенгені құрды. Кассалық орындау 2019 жылғы 1 қаңтарға 77,3 млн.теңгені немесе 108,3% құрды.

Қаржы бөлімі басшысының А. Қажыбекованың ақпараты бойынша былтырғы жылы барлық жоспарланған іс-шаралар, сонымен қатар жалақыны, демалыс ақысын және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша төлемдер уақытылы өткізілді, кідірістер байқалған жоқ.

2018 жылғы Павлодар қалалық бюджетінің атқарылуы туралы тексеру комиссиясының есебі. 2018 жылғы Павлодар, Жетекші ауылдары, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округ бюджетінің IV деңгейінің орындалуы туралы тексеру комиссиясының есебі.

Тексеру комиссияның қорытындысына келісілді бюджетке болжалды түсімдердің түсуі сақталады, қала бюджетіне түсімдердің көлемі ұлғайды, түзетімдерді өткізудің саны төмендеді, жеке меншік табыстардың ұлғаюдың динамикасы сақталады.  Сонымен, 2017 жылғы деңгейге қарсы  (46 982,5 млн.теңге) 7,8 %-ға, 2016 жылы (36 350,9 млн.теңге) 39,3%-ға.

Алайда, табыстардың орындалуы төмендеді  (2017 жылы 101,2% -дан 2018 жылы 100,3%-ға дейін).

Есептік кезеңде салық түсімдерінің жалпы көлемі 219,1 млн.теңгеге немесе 0,4%-ға орындалған жоқ (түзетілген жоспар кезінде 48 824,5 млн. теңге, 48 605,4 млн. теңгені құрды).

Үнемі түсімдердің түсуіне қарамастан, қала бюджетіне түсетін салықтық емес басқа да түсімдер басында 161,2 млн. теңге көлемінде бекітілді, кейін 153,0 млн. теңге төмендеу жағына түзетілді, сонда нақты орныдалуы 168,3 млн.теңгені құрады.

Осыған байланысты, тексеру комиссиясының қорытындысында бюджеттік жоспарлау бойынша өкілді органға түсімдер болжамының сапасын көтеру, бюджетті толтыру резервтерін және қосымша төлемдерді іздестіру, себебі аудиторлық шараларды өткізу нәтижесінде жергілікті бюджет табыстардың елеулі шығындарына ұшырайды, сонымен қатар өкілетті органдардың өз құзыретінде бюджетке дәл уақытында және толық түсімдердің қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету бойынша тиісті деңгейде орындалмауы салдары бойынша ұсыныстар берілді.

Ауылдық округтерде (ауылдарда) есептік кезең бойынша өткізілген тексерістермен, жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың (сонымен қатар Павлодар қ. бойынша 4 ЖӨБ-дан, аудитке 3 ауылдық округ түсті – Ленин, Кенжекөл және Жетекші) төмен деңгейі белгіленді. Сонымен, жиналыстар мен жиындар арқылы жергілікті мәнді мәселелерді талқылауда қатысуда заңнамамен қарастырылған азаматтардың құқықтары іске асырылмайды.

Жиындарда талқылаулардың, жергілікті қоғамдастық жиналыстарда қаржыларды жұмсау мәселелерінің болмауы, жоспарланған және жеткен нәтижелерге жергілікті қоғамдастықтың комиссия мүшелері жағынан мониторингтің болмауы. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ақшалай қаражат шығындарының Жоспарларының, оларды пайдалану туралы есептердің болмауы ЖӨБ қаражатының ауыл әкімдерімен жекеше үлестірілуі куәландырылады.

2019 жылы Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы және аграрлық өнеркәсіп кешеніне жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы .

Шешім жобасы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында бекітіледі.

Күтілетін нәтиже: ауыл халқына көрсетілетін қызметті жақсарту және ауыл халқының денсаулығын нығайтуды көрсететін мультипликаторлық әсерді қамтамасыз ету және олардың сауаттылығы мен мәдениетін жоғарлату, қала мен ауыл арасындағы сәйкестенбеуді теңестіру бойынша ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының бекітілу мәселесінің шешілуі.

Павлодар қаласында адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Депутаттардың бекітілуіне Павлодар қаласы әкімдік жанындағы Павлодар қаласында адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы  шешім жобасы енгізілді. Комиссия құрамында 7 адам.

Барлық мәселелер депутаттармен бірауыздан бекітілді.