Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

2019 жылғы 26 сәуірде экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болды, мұнда келесі мәселелер қарастырылды:

2018 жылғы Павлодар қаласы бюджетінің орындалуы туралы.

2018 жылы Павлодар қаласы түзетілген бюджеті 71 478,2 млн.теңгені 2017 жылғы жоспармен салыстырғанда 14,5% немесе  9 048,6 млн. тенгені құрды. 2018 жылы қала бюджеті бес рет нақтыланды, онысы 7 428,4 млн.теңге немесе 11,6 %-ға бекітілген жоспардан жоғары болып табылуда.

Қаржы бөлімі ақпараты бойынша былтырғы жылы барлық жоспарланған іс-шаралар, сонымен қатар жалақыны, демалыс ақысын және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша төлемдер уақытылы өткізілді, кідірістер байқалған жоқ.

Есеп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен есептілікті жасау ережесіне сәйкес жасалды.

2018 жылғы Павлодар, Жетекші ауылдары, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің IV деңгейінің орындалуы туралы.

4-ші деңгей бойынша 1 қаңтарға 2019 жылға жоспар 71,4 млн.тенгені құрды. Кассалық орындау 2019 жылғы 1 қаңтарға 77,3 млн.теңгені немесе 108,3% құрды.

4-ші деңгей бойынша 1 қаңтарға 2019 жылға жоспар 754,5 млн.тенгені құрды, кассалық орындау 2019 жылғы 1 қаңтарға 754,5  млн.теңгені немесе 100 % құрды.

2018 жылғы Павлодар қалалық бюджетінің атқарылуы туралы тексеру комиссиясының есебі. 2018 жылғы Павлодар, Жетекші ауылдары, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округ бюджетінің IV деңгейінің орындалуы туралы тексеру комиссиясының есебі.

Тексеру комиссия мүшесінің есебі бойынша бюджетке болжалды түсімдердің түсуі сақталады, қала бюджетіне түсімдердің көлемі ұлғайды, түзетімдерді өткізудің саны төмендеді, жеке меншік табыстардың ұлғаюдың динамикасы сақталады.  Сонымен, 2017 жылғы деңгейге қарсы  (46 982,5 млн.теңге) 7,8 %-ға, 2016 жылы (36 350,9 млн.теңге) 39,3%-ға.

Есептік кезеңде салық түсімдерінің жалпы көлемі 219,1 млн.теңгеге немесе 0,4%-ға орындалған жоқ (түзетілген жоспар кезінде 48 824,5 млн. теңге, 48 605,4 млн. теңгені құрды).

Ауылдық округтерде (ауылдарда) есептік кезең бойынша өткізілген тексерістермен, жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың (сонымен қатар Павлодар қ. бойынша 4 ЖӨБ-дан, аудитке 3 ауылдық округ түсті – Ленин, Кенжекөл және Жетекші) төмен деңгейі белгіленді.

Сонымен, жиналыстар мен жиындар арқылы жергілікті мәнді мәселелерді талқылауда қатысуда заңнамамен қарастырылған азаматтардың құқықтары іске асырылмайды.

Жиындарда талқылаулардың, жергілікті қоғамдастық жиналыстарда қаржыларды жұмсау мәселелерінің болмауы, жоспарланған және жеткен нәтижелерге жергілікті қоғамдастықтың комиссия мүшелері жағынан мониторингтің болмауы. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ақшалай қаражат шығындарының Жоспарларының, оларды пайдалану туралы есептердің болмауы ЖӨБ қаражатының ауыл әкімдерімен жекеше үлестірілуі куәландырылады.

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019 – 2021 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» № 330/45 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2019-2021 жылдарға арналған нақтыланған қалалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Павлодар қаласы бюджетінің қосымша іс-шараларын іске асыру үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту (нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды есепке алмағанда) 1 178 978 мың теңге сомасында қарастырылған.

Бұдан басқа, бюджеттердің жалпы көлемін өзгертпей, инвестициялық жобаларды іске асыруды бағдарламалық қамтамасыз етуді өзгерту бойынша ішкі түзетулер жүргізумен байланысты 2020 — 2021 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау жүргізілді.

2019 жылы Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы және аграрлық өнеркәсіп кешеніне жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында шешім жобасы шығарылды.

Күтілетін нәтиже: ауыл халқына көрсетілетін қызметті жақсарту және ауыл халқының денсаулығын нығайтуды көрсететін мультипликаторлық әсерді қамтамасыз ету және олардың сауаттылығы мен мәдениетін жоғарлату, қала мен ауыл арасындағы сәйкестенбеуді теңестіру бойынша ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының бекітілу мәселесінің шешілуі.

Павлодар қаласында адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Мсәлихаттың тұрақты комиссия отырысына Павлодар қаласы әкімдігі жанындағы Павлодар қаласында адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы шешім жобасы шығарылды.

Комиссияның негізгі міндеттері:

1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу, адам саудасы және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету саласындағы қазіргі ахуалды талдау;

2) мыналар:

адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге, адам саудасына қарсы күрес және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері;

адам саудасының жағдайы және осы құбылыстың қауіптілігі, аталған саладағы құқық қорғау шаралары мен көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету;

адам саудасының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету саласында қабылданған халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;

адам саудасына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға және оларға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Тұрақты комиссияның барлық мәселелері мәслихаттың 51-кезектен тыс сессиясының қарастыруына шығарылады.