Мойылды ауылы әкімінің сайлауы өтті

Ағымдағы жылдың 26 сәуірде Мойылды ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Қалалық сайлау комиссиясына Нұрлан Нұрғалиұлы Рашитов, Ақылбек Оңғарұлы Смағуловтан Мойылды ауылы  әкімінің қызметіне дауысқа түсу туралы өтініштері келіп түсті.

Мойылды ауылының бұрынғы әкімі, Болат Төкенұлы Файзулин басқа жұмысқа кетуіне байланысты сайлау өткізілді.

«Қазақстан Республикасының «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару» 36, 36-1 баптарына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Павлодар қаласы Мойылды ауылы әкімдігіне сайлау өткізу мен дайындау бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен қарастырылған, барлық өтілетін  негізгі іс-шараларын уақтылы өткізді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша көп дауыс жинаған Ақылбек Оңғарұлы Смағұлов болды.

Ақылбек Оңғарұлы Смағұлов 1964 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты кен-тау инженеры мамандығы және «Кайнар»  университеті- заңтану бакалавры  мамандығы оқу орнын бiтiрген.

sdr
sdr