ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ

А.ж. 19 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары қалалық ТҮКШ, тұрғын- үй инспекция, сәулет және құрылыс бөлімдер өкілдерімен, жергілікті полиция қызметімен бірігіп Павлодар қаласының Орталық өнеркәсіптік аймағының іргелес аумақтарының санитарлық жағдайы бойынша мониторинг жүргізілді.Мониторинг қаланың орталық өнеркәсіптік аймағы қанағаттанарлық жағдайда екенін көрсетті. Мониторинг барысында сондай-ақ ғимараттардың қасбеттерін сыртқы безендіру бөлігінде аумақты абаттандыру ережелерін сақтау үшін Павлодар қаласының шағын және орта бизнес объектілері қаралды.

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сәйкес сыртқы-көрнекі жарнама қаланың эстетикалық түріне және сәулеттік келбетіне сәйкес келуі тиіс, ғимараттың қасбеттерінде жарнама үшін белгілі бір бөлінген орындарда орналасуы тиіс.

Депутаттар және жергілікті полиция қызметімен кәсіпкерлік объектілерінің басшыларына аумақты абаттандыру ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді, қала сәулет бөлімімен ескертулерді жою бойынша 7 күн мерзімде хабарлама жасалды.