ҚАЛАНЫҢ ІШКІАУЛАЛЫҚ АУМАҒЫНА ҚАЙТА ШЫҒУ САПАРЛАРЫ

А.ж. 12 сәуірде қалалық мәслихат депутаты В.Кнутас тұрғын үй инспекция өкілдерімен және Жергілікті полиция қызметімен бірігіп Павлодар қаласының ішкіаулалық санитарлық жағдайы бойынша мониторингті жалғастырды.

Айналып өту барысында Ак.Бектұров, Ак.Шөкин,Лермонтов, Павлов, Қайырбаев және басқа көшелердің аулалары қаралды.

Қазіргі таңда ішкіаулалық аймақтың санитарлық жағдай жақсарды, дегенмен аула ішіндегі контейнерлік алаңшада қоқыстың жиналуы байқалады.

Мониторинг қорытындысы бойынша ЖПҚ-мен «Спецмашин» ЖШС басшылығымен контейнер алаңшасының аумағынан қоқысты уақытында шығару қажет туралы түсіндіру жұмысы өткізілді.

Аймақтардың санитарлық тазарту мәселесі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекция бөлімдерінің және жергілікті полиция қызметінің бақылауында тұр.