«КӨРШІ» МЕРЕКЕСІ

А.ж. 11 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары Павлодар қаласының округінде өткен облыстық «Көрші» жобасына қатысты. Іс-шараға аула тұрғындары, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар, көршілер қатысты. Жобаның мақсаты аула тұрғындарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыруына қатыстыру, көршілер арасындағы қарым- қатынас дәстүрін жаңғырту және бекіту, аула тұрғындарының бос уақыттарын дұрыс және қызықты етіп ұйымдастыру. «Азия хит» музыкалық фестивалі, ұлттық ойындар, танымдық – ойын-сауық ойындары және т.б. іс-шаралар өткізілді.