ІШКІАУЛАЛЫҚ АУМАҚТАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

А.ж. 10 сәуірде қалалық мәслихат депутаты А.Оспановпен қалалық тұрғын үй инспекция бөлімінің өкілдерімен, ТҮКШ, Жергілікті полиция қызметімен біріккен Павлодар қаласының ішкіаулалық санитарлық жағдайын тексеру бойынша мониторингі өткізілді.

Айналып өту барысында Айманов, Ак.Бектұров, М.Горький, Торайғыров көшелері қаралды.

Бүгінгі таңда қаланың санитарлық жағдайы бірінші сенбілік өткізілгеннен кейін жақсарды, оған ірі кәсіпорындар, ұйымдар, шағын және орта бизнес субъектілері, ПИК және қала тұрғындары қатысты.

Бірақ көпшілік қоп қабатты тұрғын үй маңындағы аймақтар қанағаттарлық жағдайында тұр, ішкіаулалық  аймақ ТҮКШ бөлімімен сапасыз жиналады. ПИК-тер аумақты абаттандыру Ережесіне сілтеме жасай отырып, үйдің 5 метр жерін ғана жинайды. Нәтижесінде аймақтың айтарлықтай бөлігі жиналмай қалады, құрай қаланың орталық аудандарында ғана шабылады, бұл ішкіалалық аумақтардың жай-күйіне және қаланың сыртқы келбетіне қолайсыз әсер етеді.