ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРЫНА БАРУ

А.ж. 5 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңес төрағасымен, қалалық  ТҮКШ бөлім өкілдерімен және жергілікті полиция қызметімен біргіп Павлодар қаласының өндірістік аймақтарының іргелес жатқан аумақтарының санитарлық жағдайы бойынша мониторинг өткізді. Сапар барысында өндірістік ауданының Солтүстікпен Орталық аймақтары және «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы, Үлкен және Кіші айналым көлік жолдарының учаскесі қаралды.

Бірақ, қаланың Орталық өндірістік аймағында ірі қоқыс жинағы байқалады, мұнда № 2 Автобустық парк, № 55 Әскери бөлім, «Сервис Трэйд» ЖШС, «Колос» ЖК, «Темиртас ПВ», «Иванов» ЖК, «Стройком» ЖК, «Интер раббер» ЖШС және т.б. кәсіпорындары орналасқан.

Депутаттар мен жергілікті полиция қызметкерлерімен кәсіпорындардың айтылмыш аймақта сенбілік өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.