ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ДАЙЫНДАЛУ

А.ж.  4 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары Әбусейітов атындағы МСО- де өткен, Павлодар қаласында абаттандыру және санитарлық тазарту Айлығына дайындалу мәселесі жөнінде кездесуге қатысты.

Павлодар қаласының әкімдігінің  қаулысымен 2019 жылы 5 сәуірден бастап 5 мамырға дейін абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша Айлығы деп жарияланған.   ТҮКШ бөлімімен жоспар дайындалған және қалалық жерлерді тазалау үшін ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бекітілген тізімі құрастырылған.

Сенбілік өткізу мерзімінде қатты– тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс қабылдау тегін болады.15 мың ағаштар,  400 метрлік бойымен бұталар мен қоршаулар  отырғызу жоспарланған. Компенсаторлық отырғызу есебінен екі мыңға жуық ағаштар отырғызылады.