ХИМГОРОДКИ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ПИК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

А.ж. 3-4 сәуірде № 2 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты Мұқашева З.Қ. Химгородки шағын ауданының ПИК төрағаларымен қаланың алдағы абаттандыру және санитарлық тазарту Айлығын талқылау бойынша кездесті.

Кездесу барысында ПИК төрағаларын көп қабатты тұрғын үйлердің абаттандыру, аймақтарды санитарлық тазарту және сенбілік өткізу бойынша іс- шараларды ұйымдастыру жөнінде жадынамамен таныстырды.

Сенбілік өткізу мерзімде көп қабатты тұрғын үйлерде келесі жұмыс түрлерін өткізу керек: қоршауларды, кіріс топтарын, кіші пішіндерді жөндеу және сырлау, аула аймағын кішігірім және тұрмыстық қоқыстан жүк көлігіне тиеумен сыпыру және тазарту, ағаштарды, жиек тастарын ақтау, үйдің периметрі бойынша шөпті, қу ағашты, қурайды шабу, көшеттерді отырғызу,  тұрғын үйдің қасбетінен және сыртқы қабырғасынан жарнамаларды тазалау.