АЛДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАРТУ АЙЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУІ

А.ж. 3 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары тұрғын үй инспекция бөлімімен бірігіп қаланың ПИК төрағаларымен қаланың алдағы абаттандыру және санитарлық тазарту Айылығын талқылау бойынша кездесті.

Кездесуге 40 ПИК төрағалары, ТҮКШ бөлімінің, дене- шынықтыру және спорт бөлімінің, Жергілікті полиция қызметі,  «Шаңырақ» ПИК қауымдастығының өкілдері, «Холдинг Транс Павлодар» мердігер ұйымының басшысы қатысты.

Жиын барысында округтерде сенбілік өткізу бойынша ұсыныстар берілді, ішкіаулалық аймақтарды жазғы мезгілге дайындау жөнінде мәселелері талқыланды.

Павлодар қаласында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша Айлығы 6 сәуірден 20 мамырға дейін жоспарланған.