СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШЫҒУ ІС- ШАРАЛАРЫ

Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында а.ж. 13 наурызда қалалық мәслихат депутаттары Төтенше жағдайлар басқармасымен бірігіп, елді- мекендердің Павлодар қаласының су тасқыны кезеңіне дайындығын анықтау бойынша құзыретті органдармен рейдтік іс- шараны өткізді. Сапар барысында 5 елді мекен араланды, 2 Павлодар аумағы ,Технологиялық колледж базасында су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі штабы.

Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау үшін, 2019 жылда Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен 2018-2019 күз- қыс мезгілінде кешенді шаралар өткізілді, сонымен қатар қалада күн сайын қарды шығару мониторингі жасалды.

Павлодар қаласының елді мекендерінде қар маршруттық автобустардың көшелері бойынша тазаланады,  жер бедерінің төменгі учаскелерінде.

2019 жылда су тасқынын алдын алу  шараларына қалалық бюджеттен 30 миллион теңге сомасында қаражат бөлінді. Жұмыс тізіміне еріген суды сору кіреді. Осы еріген суды сору жұмыстарын, техникалық спецификацияға сәйкес жасау үшін, ассенизаторлық көлік, Андижанец үлгідегі 2 аспалы сораптар, 4- монопомпалар  14 техника бірлігі жұмылдырылады.

Қар мол еріген жағдайда, сондай-ақ еріген және жер асты суларының деңгейін көтеру қаупі туындаған кездегі іс-қимыл Жоспарына сәйкес қаланың коммуналдық қызметтерінің жедел әрекет ету, су тасқыны кезеңінде олардың салдарын жою үшін қосымша 17 техника бірлігі (қор) жұмылдыру  қарастырылған.

2018 жылдың күз мерзімінде қала әкімінің төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді, сонымен қатар 2019 жылғы елді мекендердің (Ленин кенті және Кенжекөл ауылында үйілген топырақты,сонымен қатар Мойылды ауылындағы бұрма жарманы визуалды қарау) су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша аралау жүргізілді.

Бірнеше жыл бойы 2 Павлодар және Зеленстрой аудандарында жер асты суларының көтерілуі байқалды. Жыл сайын жоғарыда көрсетілген аудандар көшелерінде еріген қар суы және көтерілген жер асты суларын сору жұмыстары өткізіледі.

Павлодар қаласының ТЖ басқармасы жасаған және Павлодар қаласының әкімі бекіткен «2-ші Павлодар ауданында еріген қар және жер асты су деңгейінің көтерілуі және су тасқыны кезеңінде  пайда болған олардың зардаптарын жою  кездегі іс- қимыл жоспары». Сонымен қатар ТҮКШ бөлімімен бірігіп,  2019 жылға арналған қаланы су тасқыны мезгіліне дайындау және су тасқыны кезеңінен өту бойынша кешенді іс- шаралар жоспары жасалып қала әкімі өкімімен бекітілген.

А.ж. 15 наурызда осы мәселе бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясын өткізу жоспарланып отыр.