МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

А.ж. 6 наурызда Ведомствоаралық сараптама тобының «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы мен оның мүшелерімен қаланың №32, №36 және Ленин кентінің №31мектеп асханаларының мониторингі жүргізілді. Топ мүшелері бракеражды мектеп комиссияның жұмысына, есеп құжаттарын жүргізуіне, оқушылардың тамақтану тәртібіне сараптама өткізді.

Сараптама барысында ВСТ мүшелері ескертулерді анықтап жалдаушыларға оларды жоюға қатысты ұсыныстар берді.