АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

А.ж. 1 наурызда Алғыс айту күні мерекесі аясында қалалық мәслихат депутаты, Павлодар облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы А.Г. Дяк «Құшақтаймын және «Рақмет!» айтамын» жыл сайынғы акцияны өткізді. Акция аясында Қауымдастық мүшелері қымбат тұратын емге мұқтаж екі жастағы Алижан Бақтыбайдың анасына терапияны жалғастыру үшін 312 700 теңге табыс етті. Барлық өткендерге ыстық бауырсақ пен кәмпиттер сыйлады.

Депутат М.А. Баяндин Алғыс айту күніне арналған «Қамқор» көмек көрсету және оңалту орталығы» Қоғамдық бірлестікпен (Ленин к.) ұйымдастырылған іс-шараға қатысты, мерекеде барлық балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.