МӘСЛИХАТТЫҢ МАЛ ҚОРЫМЫНА КӨШПЕЛІ КОМИССИЯСЫ

А.ж. 27 ақпанда қала мен ауыл аумағында жануарлардан шыққан  қалдықтарын кәдеге жарату бойынша мәселені зерделеу үшін қалалық мәслихат депутаттары В.Кнутас, В,Голубенко қалалық ветеринария бөлім басшысымен бірігіп, «Павлодар қаласының ветеринарлық станциясы» ҚММ директорымен биотермиялық шұңқырға (мал қорымына) сапар ұйымдастырылды.

Павлодар қаласының және Кенжекөл ауылдық округінің аумағында (2012 жылы салынған), ветеринарлық- санитарлық (қоршалған, дезинфекциялық тосқауыл бар, көрсеткіш орнатылған) талаптарға сай келетін бір үлгілік мал қорымы бар. Осы мал қорымы «Павлодар қаласының ветеринарлық станциясы» ҚММ теңгерімінде  тұр. Депутаттар сондай-ақ қалада (қақпандарда) бар екі өртеу құрылғымен танысты: УД — 1000 (стационарлық) және BRENER — 2000 (мобильді).