«МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ САРАПТАМА ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА.

А.ж. 20 ақпанында ВСТ мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы В.П.Пряхинмен Павлодар қаласының №14, №19, №29, №36 мектеп асханаларының мониторингі жүргізілді.

Ең басты бракеражды мектеп комиссияның жұмысына, есеп құжаттарын жүргізу, оқушылардың тамақтану тәртібі, экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етуі, салауатты өмір салтын насихаттау және тиісті тамақтану бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ диеталық стандарттардың, бірыңғай стандарттар мен санитарлық талаптарға сай болуына назар аударылды. Мониторинг барысында ВСТ мүшелері шикізат пен дайын өнім журналдарының сақталуы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған бұрыштық конструкция жөнінде ескертулер жасады, сондай-ақ асхана мен қоғамдық тамақтандыру бөлімшелерінде бейнебақылау камераларын орнату бойынша ұсыныстар берді.