Павлодар қалалық мәслихатының 48-кезектен тыс сессиясы

А.ж. 4 ақпанда Павлодар қалалық мәслихатының 48- кезектен тыс сессиясы өтті, мұнда осындай мәселелер қарастырылды:

Павлодар қалалық қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы.

         Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 2 қарашадағы  «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына сәйкес,Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы жұмыс тобымен анықталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 желтоқсанда № 1194  Қаулысымен бекітілген, Қоғамдық кеңестің Үлгілік ережесінің 7 тармағына сәйкес, Павлодар қалалық  Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының құрамы бекітілді.

         Павлодар қалалық Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасының  «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 баына сәйкес,қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын сайлау бойынша Павлодар қалалық мәслихатымен байқау өткізілді.

         Байқау бойынша хабарлама а.ж. 18 қаңтарында бұқаралық-ақпарат құралдары және Павлодар қалалық мәслихат интернет желісінде жарияланды.Өтініштер 18 қаңтардан бастап 31 қаңтарға дейін қабылданды.

          Мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейлеріндегі қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

      3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

      5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

      6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

      8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

«Достық» көп пәтерлі тұрғын-үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.

Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес оңтүстік бағыттағы Павлодар қаласының дамуы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерімен көп қабатты кешендердің құрылысын салуға саяжай телімдерін жер телімін алу есебінен болжамданады. Осыған байланысты «Строитель» (бұдан әрі-БСТК) бау-бақша серіктестігінің тұтынушы кооперативінде 3 жер телімін алып қою рәсімі бастамашылық етілді.

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» № 297/40 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты, қарастыруға Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» № 297/40 шешіміне өзгерістер еңгізу мәселесі шығарылады.

dav
dav
dav
dav