А.ж. 1 ақпанда депутат М.А.Желнов төрағалығымен қала құрылысы және экология бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті, мұнда осындай мәселелер қарастырылды:

     «Достық» көп пәтерлі тұрғын-үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.

    Қаланың даму жоспарына сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салуға,  жер қатынастары бөлімімен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу рәсімі жүргізілуде.Комиссия мүшелерімен «Строитель» бау-бақша серіктестігінің тұтынушы кооперативіндегі 2 жер телімін сатып алу бойынша құжаттары қарастырылды.

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» № 297/40 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты, қарастыруға Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» № 297/40 шешіміне өзгерістер еңгізу мәселесі шығарылады.

Тұрақты комиссия сұрақтары мәслихаттың 48- кезектен тыс сессиясының қарауына шығарылды: