ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

А.ж. 1 ақпанында Павлодар қаласының қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталды.Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Павлодар қаласының Қоғамдық кеңес құрамын құру бойынша  жұмыс тобы бекітілді.

А.ж. 18 қаңтарынан 31 қаңтарға дейін жұмыс тобымен Павлодар қаласының қоғамдық кеңес құрамын кіруге арналған құжаттарды қабылдауы  іске асырылды.

А.ж. 1 ақпанда жұмыс тобының отырысы өтті жұмыс тобы. Қоғамдық кеңестің құрамына дауыс беру жөніндегі жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша  Павлодар қаласы тұрғындарынан -12 өкіл сайланды, қоғам қайраткерлерінен, коммерциялық емес ұйымдар және қала әкімдігінің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның 6 өкілі кірді.