Павлодар маңындағы ауыл әкімдерінің есептері әлі жалғасуда

А.ж. 30 қаңтарда Жетекші ауылында есептік кездесу өтті. Ауылдың әлеуметтік- экономикалық дамуы және мемлекеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша Жетекші ауылының әкімі Сәрсенбинов Нұрлан баяндады.

Жетекші ауылының жылдық бюджеті 20 миллион теңгені құрады, биылғы жылы қаржыландыруды 51 миллион теңгеге дейін арттырды. «Павлодар Құс» фабрикасында бір жылда 8,0 мың тонна күркетауық етін өндіру бойынша өнеркәсіптің құрылысы басталды, ол биылғы жылда жоспарланған, мұнда 200 адамға жұмыс орын болатыны қарастырылған.Сонымен қатар аймақта өсімдік майын өндіру бойынша инвестициялық жоба іске қосылды.

Есептік кезең бойынша ауылда көшелердің жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа үйлер ауданында апаттық ЖТҚС ауыстырылды және көше жарығы өткізілді.

Есептік кездесудің қорытындысы бойынша қала әкімі Әнуар Күмпекееев Жетекші ауылының әкіміне ауыл жолдардың жөндеу жұмыстарын жалғастыруы туралы айтты.Сонымен қатар қаланың құрылыс бөліміне ФСК-ның, ауыл мәдени үйінің және 300 орынға арналған мектеп құрылыстарын бақылауға алып жұмыстарын күшейту.