Ленин кентіндегі есептік кездесу

Павлодар қаласында ауыл әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесулері әлі жалғасуда.Ауылдың 2018 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Ленин кентінің әкім міндетін атқарушы Ибраева Әлия есеб берді.Есептік кезең бойынша ауыл бюджеті 308 миллион теңгені құрады.Аймақтың 2020 даму бағдарламасы шеңберінде, ауылда 52 көшеге ішкі су торабын жүргізді,1880 тұрғын үйге сумен жабдықтау жүйесі өткізілді, ауыл ішіндегі 3 көшенің жолдары жөнделді, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін 29 бейне бақылау орнатылды, сонымен қатар балаларды тасымалдау үшін арнайы мектеп автобусы сатып алынды.Қала әкімі Әнуар Күмпекеев есептік кездесуі барысында ағымдағы жылда ауыл бюджеті өткен жылғы бюжетке қарағанда біржарым есе  өскенін белгіледі,ол ауылдың өте серпінді дамуына және әртүрлі мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар Ленин кентінің әкіміне ауылдың санитариялық жағдайын жақсарту үшін және ҚҚС шығаруды орталықтандыру бойынша ЖПҚ-імен бірігіп жедел жұмыс жасауды тапсырды

.