ХАБАРЛАНДЫРУ

   Павлодар қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 1194 қаулысының 5-тармағы негізінде 7 (жеті) адам (2 адам мемлекеттік орган өкілдері, 5 адам коммерциялық емес ұйым өкілдері мен азаматтары) құрамында Павлодар қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобы құралады.

Павлодар қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін Павлодар қаласының аумағында тұратын және іске асырылатын коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар шақырылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш (нұсқасы қоса беріледі), Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, жұмыс тобының мүшесіне кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымдардың жазбаша ұсынысы берілу қажет.

Өтініштер 2019 жылдың 3 қаңтары мен 14 қаңтары аралығында сағат 13.00-ге дейін қабылданады.

Ұсыныстарды жұмыс күндерінде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі уақытта gormaspvl@yandex.kz электрондық поштаға немесе Павлодар қаласы Қайырбаев көшесі, 32  үй 204 қабинетте қабылданады. Анықтамалар  321383, 323062  телефондары бойынша беріледі.