Келе жатқан 2019 жыл қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары шыршаға қатысып, балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық ертеңгіліктерді өткізді. Депутаттар балалармен бірге өлең айтты, жұмбақ жасырды және де жаңа жылдық дәстүр бойынша балаларға тәтті сыйлар берді.