Мәслихаттың 45- кезекті сессиясы

2018 жылғы 25желтоқсанда Павлодар қалалық мәслихаттың 45- кезекті сессиясы өтті, мұнда 11 сұрақ бойынша мәселелер қарастырылды.

2019-2021 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы.

2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстері, Қазақстан Республикасының 2019 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы негізінде, сондай-ақ басқа нормативтік актілерге сәйкес әзірленген.

Жоба қаланың алдағы үш жылдық кезеңіне арналған әлеуметтік-экономикалық саясатын экономиканың 2023 жылға дейінгі даму болжамына сәйкес іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді. Бюджет кірістер мен шығыстар бойынша теңестірілген, нақты және барлық әлеуметтік-маңызды іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

2019 жылғы қаланың жалпы бюджеті  78,3 млрд. теңгені құрады,оның ішінде меншікті кіріс көлемі  53,6 млрд. теңге жоспарлануда, 2018 жылға қарағанда 5,6 млрд теңге немесе 111,7%-ға өсті.

Жалпы сомасы 24,7 млрд. теңге болатын мақсатты трансферттер мен жоғары бюджеттерден алынған несиелері ескерілді.

Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «2016 – 2020 жылдарға арналған Павлодар қаласы аумағының дамыту бағдарламасын бекіту туралы» № 441/61 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен Павлодар қаласының аумағын дамытудың 2016 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы енгізіліп отыр. Бағдарламаға өзгерістер: Жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесіне (Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2018 жылғы 04 қазандағы № 119 бұйрығы»; Павлодар облысының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына (2017 жылғы 26 қыркүйектегі №288/5 облыстың қаулысы) сәйкес енгізіледі.

Ұсынылатын өзгерістерде сондай-ақ 2017 жылдың қорытындысы бойынша

Бағдарламаны мониторингілеу нәтижелері және ағымдағы жылы күтілетін атқару ескерілді, 2017 жылға нақтыланған статистикалық деректерді ескере отыра, Бағдарламада қарастырылған көрсеткіштердің жоспарлы мәндері түзетілді. Бағдарлама жобасында барлығы 73 нысаналы индикатор.

2018 жылғы салық және басқа да міндетті төлемдерден түскен кірісі туралы«Павлодар қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ басшысының есебі.

2018 жылдың 11 айында мемлекеттік кірістер органдардың міндетінде тұратын Павлодар қаласының бюджетіне 40634 млн.теңге түсті. Қалалық бюджеттің төлемдерінің негізгі үлесін келесі салықтар құрайды:

акциздер – 20635,3 млн.теңге немесе 45,8%;

БЖК 101202 – 7170,0 млн.тенге, немесе 15,9 %;

БЖК 101202 – 2014,2 млн.тенге, немесе 4,5 %;

жеке тұлғалардың иелігіне салықтар – 5045,5 млн.тенге немесе 11,2 %;

әлеуметтік салық – 5896,9 млн.тенге немесе 13,1 %;

басқа төлемдер мен салықтар – 4319,7 млн.тенге немесе 9,6 %.

«2019 -2021 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы».

Бағдарлама бойынша қалалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 2019 жылы 3568,0 мың теңге, 2020 жылы -3568,0 мың теңге, 2021 жылы -3568,0 мың теңге болып табылады. Бұл шешім жазғы кезеңде еңбек жасақтарындағы жауынгерлерге қаланың білім беру ұйымдарында оқып жатқандар есебінен — 741 оқушыға қоғамдық көлікте жол жүруге 4800 теңге көлемінде материалдық көмек беруге ықпал етеді.

«2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елді мекендердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы

Осы іс-шара 30 денсаулық сақтау мамандарына, 218 білім беру мамандарға, 2 әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарына, 17 мәдениет, 4 спорт, 4 ветеринария мамандарына отын иеленуіне материалдық көмек көрсетуге қарастырылады. Әлеуметтік көмек ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға алты айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде 2019 жылы 4167,0 мың теңге, 2020 жылы 4312,0 мың теңге, 2021 жылы 4462,0 мың теңге, жалпы сомасында беріледі.

«2019 — 2021 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы.

Осы бағдарлама халықтың әлжуаз тобына әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған. Бағдарламаны іске асыру азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қолдау, қоғамдық бірлестіктерін қатыстырып әлеуметтік қызметтер көрсету есебінен әлеуметтік қарбаластықты төмендетіп, тұрғындардың әлеуметтік-әлжуаз санаттарындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы бағдарламаны іске асыруға — 298667,0 мың теңге, 2020 жылы — 297429,0 мың теңге, 2021 жылы — 296382,0 мың теңге қарастырылған.

2018 жылға арналған Павлодар қаласы мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысы туралы есептер.

Комиссия төрағасы -Игорь Веретнов, сондай-ақ қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Виктор Пряхин тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2018 жылда жасаған жұмысы туралы есептерін берді.

Барлық сұрақтарды депутаттар бір ауыздан мақұлдады.