Тандаушылармен Павлодар ауылы әкіміне кандидаттардың кездесуі

2018 жылғы 18 қарашадағы Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Қаулысымен Павлодар ауылы әкімін сайлау 2018 жылғы 22 желтоқсанға белгіленді.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36, 36-1-баптарына сәйкес сайлауды өткізу мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясына қала әкімін ұсыну және Павлодар ауылы әкіміне кандидаттардың сайлауға түсуіне келісу туралы кандидаттардан өтініштер келесі кандидаттардан келіп түсті:

  1. Рушанов Сырым Төкенұлы, 1970 туған жылы, екі жоғары білім бар, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтты негізгі мектептің физика және информатика мұғалімі мамандығы бойынша және Инновациялық Еуразиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.
  2. Оспанов Руслан Тілеулесұлы, 1978 туған жылы, жоғары білімді, Омск гуманитарлық академияны экономика мамандығы бойынша аяқтады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабы 3-тармағының талаптарымен және сайлауды өткізу Қағидаларымен ұсынылған әкім кандидаттарына сәйкес, табысы мен мүлігі туралы декларацияны салық органдарына ұсынды.

Кандидаттар тіркелді және ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан бастап сайлау алдындағы үгіт басталды.

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күнінде Павлодар ауылы әкімінің кандидаттары тандаушылармен – Павлодар қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, өз сайлау алдындағы бағдарламаларын ұсынды, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.