2018 жылға арналған мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңдылықтарды сақтау, әлеуметтіек саясат жөніндегі тұрақты комиссияларының есебі.

Павлодар қалалық мәслихаты Регламентінің 33-тармағына сәйкес тұрақты комиссия төрағалары жылына бір рет тағайындалған функциялар мен өкілеттіктерді іске асыру туралы есеп береді.

Осыған байланысты қалалық мәслихатының 43- кезектен тыс сессиясында азаматтардың құқықтарын және заңдылықтарды сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясы аясында комиссия төрағасы Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанова және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі – Нәйля Әнуарбекқызы Ахметова 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы айтып берді.