Мәслихаттың 43-кезектен тыс сессиясы

 

А.ж. 2018 жылғы 29 қарашада 43- кезектен тыс сессиясы өтті, мұнда келесі мәселелер қарастырылды.

«Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы » 2018 – 2020 жылдарға арналған кент, ауылдық округ және Павлодар қаласының кейбір ауылдардың бюджеті туралы № 227/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

2018 жылға арналған Павлодар ауылының нақтыланған бюджет жобасы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген. Нақтылаудың негізгі себептері мыналар болып табылады:

2018 жылға арналған Павлодар ауылының бюджетіне салық түсімдерінің бекітілген көлемдерін олардың іс-жүзіндегі орындалуымен сәйкестікке келтіру және бюджет қаражатын шартты үнемделуін бөлу.

Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі

«Павлодар қаласының шекарасы шегінде қалалық қоғамдық көлікте (трамвайлар, автобустар және микроавтобустарда) жолаушылар мен багажды тұрақты жолаушылар тасымалдауына бірыңғай тарифті келісу туралы» № 61/8 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 61/8 шешім Қосымшасының 6-тармағына толықтырулар енгізу жолымен, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлердің, бұрынғы КСРО батыр-аналардың, балалардың жасына қарамастан, бюджеттен тасымалдауға шығындарды өтеусіз, жеңілдікке құқық беретін, құжаттарды көрсетумен қалалық қоғамдық көліктерде (трамвай, автобус) тегін жол жүруді қамтамасыз ету мақсатында шешім қабылданады.

«Достық» көп пәтерлі тұрғын-үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.

Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес оңтүстік бағыттағы Павлодар қаласының дамуы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерімен көп қабатты кешендердің құрылысын салуға саяжай телімдерін жер телімін алу есебінен болжамданады. Осыған байланысты «Строитель» (бұдан әрі-БСТК) бау-бақша серіктестігінің тұтынушы кооперативінде 3 жер телімін алып қою рәсімі бастамашылық етілді.

Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға  арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы»  № 221/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2018 жылдың төртінші тоқсанда бюджетті нақтылау «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «2018-2020 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарғаәлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламаны түзету ұсынысымен шығады.Осы бағдарлама халықтың әлжуаз тобына әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.

Депутаттармен барлық сұрақтар бірауыздан мақұлданды.