Мәслихаттың тұрақты комиссиялар отырысы

2018 жылғы 28 қарашада мәслихаттың тұрақты комиссиялар отырысы өткізілді, мұнда келесі мәселелер қарастырылған болатын:

Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі «Павлодар қаласының шекарасы шегінде қалалық қоғамдық көлікте (трамвайлар, автобустар және микроавтобустарда) жолаушылар мен багажды тұрақты жолаушылар тасымалдауына бірыңғай тарифті келісу туралы» № 61/8 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 61/8 шешім Қосымшасының 6-тармағына толықтырулар енгізу жолымен, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлердің, бұрынғы КСРО батыр-аналардың, балалардың жасына қарамастан, бюджеттен тасымалдауға шығындарды өтеусіз, жеңілдікке құқық беретін, құжаттарды көрсетумен қалалық қоғамдық көліктерде (трамвай, автобус) тегін жол жүруді қамтамасыз ету мақсатында шешім қабылданады.

Павлодар қалалық мәслихатының  2017 жылғы  29 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2018 – 2020 жылдарға арналған кент, ауылдық округ және Павлодар қаласының кейбір ауылдардың бюджеті туралы» № 227/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен 2018 жылға арналған Павлодар ауылының бюджет жобасы ұсынылды. Нақтылаудың негізгі себептері 2018 жылға арналған Павлодар ауылының бюджетіне салық түсімдерінің бекітілген көлемдерін олардың іс-жүзіндегі орындалуымен  сәйкестікке келтіру, бюджет қаражатының 32 277 мың теңге сомасында шартты үнемделуін бөлу болып табылады.

Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға  арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы»  № 221/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 007 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылы қолданыстағы 11 іс-шара бойынша 295003,0 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын қолдану бекітілді.

007 бағдарлама бойынша үнемдеу 3053,0 мың теңге мөлшерінде, бес бағдарламаны жүзегі асыру бойынша Ұлы Отан соғысының алушылар санының азаюына, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін  азаматтарға біржолғы  әлеуметтік көмек (табиғи жоғалту) болды. Ағымдағы жылға мониторинг өткізу кезінде өтініш санын азайту және көбейтуді анықтау бойынша көмек алушылардың динамикасы үнемі жүргізіледі.

 «Достық» көп пәтерлі тұрғын-үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.

Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес оңтүстік бағыттағы Павлодар қаласының дамуы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерімен көп қабатты кешендердің құрылысын салуға саяжай телімдерін жер телімін алу есебінен болжамданады. Осыған байланысты «Строитель» (бұдан әрі-БСТК) бау-бақша серіктестігінің тұтынушы кооперативінде 3 жер телімін алып қою рәсімі бастамашылық етілді.

dav