А.ж. 22 қарашада аймақтық жобалық офисте «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау бойынша кездесу өтті.

Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары З.Мұқашева және М.Баяндин үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, БАҚ, ғылыми сала, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Елбасының мақаласы Туған жеріне деген патриотизм мен махаббаты тәрбиелеуге, этносаралық қатынасты бекітуге, мәдениетті, дәстүр мен тілді, өңірдегі әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтауға, тарихты зерттеуге және Елбасының мақаласын насихаттауға бағытталған.

«Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» және басқа да жобаларын іске қосу қазіргі уақытта өзекті болып табылады. Киноиндустрия мен мультсериалдар арқылы ұлттық батырларды дәріптеу, бұл біздің Елбасымыздың халықтың үмітін сұңғылалы сезінудің көрсетікші болып табылады.

Кездесу соңында «Рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласы шеңберінде іске асырылатын 2019 жылға арналған ұсыныстарды қабылдау жоспарлануда.  Бұл жоспарда «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан — алма мен қызғалдақтың отаны» жеті қыры өзектендіріле түседі.

Бүгінгі күні өңірде осы тақырып бойынша 2019 жылға арналған 4 жоба әзірленді: «Мультимедиялық мұражай кешенің жасау» жобасы,  археологиялық және этнографиялық экспедицияларды өткізу бойынша «Алтын тамыр» жобасы, жастар арасында тарихи өткенге, тарихи тұлғаларға құрметті, өсіп келе жатқан ұрпақта белсенді азаматтық көзқарасты  қалыптастыру бойынша «Ер есімі ел есінде» жобасы және балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен қазақ дәстүрлерін дәріптеу бойынша «Бабалар жолымен» жобасын іске асыру  болып табылады.

Сонымен қатар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында баяндалған негізгі бағыттарына сәйкес келетін жұмыс жоспары әзірленіп, бірқатар жобалар бастама алуда.

«Атқа міну мәдениеті» қыры шеңберінде көркемсурет мұражайында «Ер қанаты — ат» суреттер көрмесі» жобасын, облыстың жалпы білім беру мектептерінде «Ертістің жас өлкетанушылары» тарихи-археологиялық отрядтарын құру» жобасын, облыстық архивке мемлекеттік органдардың құжаттарды өткізу бойынша «Толық архив» («Полный архив»)  жобасын және басқа да жобаларды іске асыру жоспарлануда.