Тұрғын үйлерде температуралық тәртіп мәселесін қарастыру жөнінде тұрақты комиссия отырысы

Мәслихаттың ТҮКШ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғын үйлерде қыздырмау сұрағын қарастыру жоспарланған.

Осы мәселе бойынша мәслихат депутаттары берілген мекенжайларда қыздырмау себептерін анықтау бойынша  ПИК төрағаларымен жұмыс жүргізді.Тұрғын үй инспекция бөлімінің ақпаратына сәйкес, үйлерде жылу тасымалдаушы гидравликалық және қызулық өлшемдері азайтылған, ол барлық тұрғын үй пәтерлеріне толық көлемде жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ, берілген мекенжай бойынша жылу тасымалдаушы өлшемдердің мүмкіндігі бар, құбыр желісінің желдетуін түсіру және ішкі жылумен жабдықтауын кондоминимум объектілерін басқарушы орган қазіргі уақытта реттеу шарасын жасайды.

Сонымен қатар, қала мәслихатымен қызымау себебін және жылуды толық көлемде жіберу мерзімін түсіндіру бойынша «Павлодар жылу жүйесі»ЖШС-іне хат жолданды.