А.ж. 27 қазанда қалалық мәслихат депутаттары «Толқын» саябағында бірінші тұз табушылар ескерткішінің ашылуына қатысты.

Монумент салтанатының ашылуынан кейін депутаттар жұмыс тобының құрамында облыс әкімі Б. Бақауовтың басшылығымен  Усолка шағын ауданына жұмыс барысымен барды. Жұмыс тобы «Бассейн олимпийского резерва» құрылыс нысанымен танысты, күрделі жөндеуден кейінгі дренаж каналындағы саябағына барды және Усолка өзені арқылы өтетін подъезді жол көпірінің абаттандыруын тексерді.

Облыс әкімі Б. Бақауов бару аясында 2019 жылы облыс орталығының барлық рекреациялық аймақты абаттандыру жұмысын бастауды тапсырды.