Тұрғындарға сапалы және қолайлы қызмет көрсетуді тексеру

Қалалық мәслихатының жұмыс тобының жоспарына келісілді 2018 жылғы 25 қазанда мәслихат депутаттары ТҮКШ бөлімі, автобус паркінің өкілдерімен бірлесіп тұрғындарға сапалы және қолайлы қызмет көрсетуді тексеру мақсатында көшпелі отырысы өтті.

Бару аясында депутаттармен ағымдағы жылғы сәуір айында анықталған ескертулер бойынша қаладағы жолаушылардың тасымалын іске асыратын автобус маршруттары қамтылды.

Жұмыс тобының мүшелерімен втобустарда жалпы автобустың санитарлық-техникалық жағдайы, техникалық құжаттамалардың, медициналық қобдишаның, авариялық балғаның, ақпараттық жарнамалардың болуы, өрт сөндіргіштің жабдықталуы, маршрут қозғалысының аралығы және билет беруі қарастырылады.

Бару қорытындысы бойынша, депутаттармен автобустардың санитарлық жағдайының біршама жақсаруы, жолаушыларға шолауды жабатын, тасымалдаудың терезелеріндегі жарнамалық плакаттардың төмендеуі белгіленді. Алайда, бірқатар ескертулер анықталды: маршрут қозғалысы аралығының сақталмауы (20 минуттан аса), қобдишалардың жабдықталмауы, кейбір маршруттарда тоқталу бекеттерінің жарияланбауы, барлық тексерілген автобустарда жүк тасымалдау құны бойынша ақпараттар, жүргізуші мен кондуктордың  Т.А.Ә. және телефондары көрсетілген мәліметтер жоқ. Барлық ескертулер ТҮКШ бөлімімен ары қарай жұмыс жасау үшін бақылауға алынды.