А.ж. 24 қазан айында қалалық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалының 27 есептік-сайлау конференциясына қатысты.

2017-2018 жылдарға арналған «Нұр Отан» партиясының ПҚФ жұмысы туралы ақпаратпен партияның ПҚФ бірінші төраға орынбасары А.Б. Жакубалдина сөз сөйледі.

Кадрлық өзгерістерге байланысты, «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалының төрағасы қайта сайланды, сонымен қатар ПҚФ саясат кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді және 2018 жылғы 31 қазанда өтетін, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының 26 есептік-сайлау конференциясына өкілдер сайланды.