А.ж. 23 қазанда Павлодар қалалық мәслихат депутаты В.Г. Деймунд Павлодар облысының ТЖ департаментінің ұжымымен 2018 жылғы 5 қазандағы ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндірумен кездесті.

В.Г. Деймунд өз сөзінде «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» үшінші бағытты іске асыру жөніндегі нақты міндеттерге, дәл айтқанда құқық қорғау органдарының жұмысына сапалы өзгерістер енгізуге тоқтады.