А.ж. 23 қазанда Павлодар қаласында 2018 жылғы 5 қазандағы ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар қаласы кәсіпорындарының және мекемелерінің еңбек ұжымдарымен ақпараттық топтардың бірыңғай күні өтті.

Ақпараттық топ құрамына Павлодар қаласының әкім орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, білім беру мен банк мекемелерінің өкілдері кірді.

Ақпараттық топ мүшелері «Трамвай басқармасы» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «№ 1 автобус паркі» МҚК, № 6679 әскери бөлімі, № 39, 9 ЖОМ,  № 38 НБМ, «Жас Отан» ЖҚ ПОФ еңбек ұжымдарымен және Павлодар қаласы ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Мәслихат хатшысы З.Қ. Мұқашеваның төрағалығымен ақпараттық топ қалалық облыстық кардиологиялық орталығының мүшелерімен кездесу өткізді.

Өз сөздерінде спикерлер Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталды. Елбасының әрбір жаңа Жолдауы Қазақстанның дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді белгілейді. Елбасы өз Жолдауында нақты міндеттерді орындау үшін негізгі бағыттарды көрсетті, ақпараттық топтардың мақсаты тек қана түсіндіру емес, оған қоса мәселелерді шешуде қатысу болып табылады.