А.ж. 22 қазанда № 18 сайлау округі бойынша Павлодар қалалық мәслихат депутаты М.Қ. Айтышев Павлодар қаласы ҚР ІІМ оқу орталығының ұжымымен 2018 жылғы 5 қазандағы ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша кездесті.

М.Қ. Айтышев өз сөзінде «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» үшінші бағытты іске асыру жөніндегі нақты міндеттерге, дәл айтқанда құқық қорғау органдарының жұмысына сапалы өзгерістер енгізуге тоқтады.