Тұрғын үй коммуналдық сұрақтары бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Кезектен тыс сессияға дайындық барысында  Павлодар қалалық мәслихаты ның тұрғын үй –коммуналдық  тұрақты комиссиясы КЖС жұмысының барысымен танысу мақсатында кешенді комиссия  ұйымдастырылды.

2016 жылы КЖС жұмыстарын тексеру барысында қалалық депутаттармен көптеген  проблемалық сұрақтар туындаған болатын: кондоминимумның жұмысының сапасыздығынан тұрғындардың өмір сүрулеріне сапалы жағдай жасалмауы, балалар және спорт алаңдарының жөндеусіз жайы, аула маңы, подъездер мен үйлердің төменгі қабатының жөндеусіз жайы.

Сонымен қатар КЖС қызметкерлерінің тұрғындармен түсініс  жұмыстары болмағандықтан тұрғындардың өз көп қабатты үйлерінің маңын абаттандырудан бас тарулары сөз болды.

  • 2016 жылы 6 шілдеде «Кондоминиум объектілерін басқару саласындағы азаматтардың ортақ мүліктері, басқару органдарын тексеру жүргізу туралы»

Павлодар қалалық мәслихатында қарастырылған болатын.  Тұрғындарының қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында пәтерлер (үй жайлардың) иелерімен  ортақ мүлікті (подъездер, шатырлар және т.б.) ағымдағы және толық жөндеуден өткізуге қатысты жұмыстар күшейту туралы шешім қабылданды. Кешенді комиссияның негізгі мақсаты КЖС объектілерінің қазіргі жағдайымен танысу.