Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

2017 жылдың 10 қазаны күні әлеуметтік сұрақтар бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.  Күн тәртібінде:

  1. «Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Павлодар қаласында іске асыру жайы туралы».

Ақпарат беруші: Рақымжанов Е. М., ішкі саясат бөлім басшысы.

 

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 12 қазанында

ПМПИ  аймақтық жоба орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Бұл комиссияғ мүшелігінде Павлодар облысының  қоғам қайраткерлері, журналистері, ғалымдар, мәдени қайраткерлер кірген болатын. Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша 44 жоба іске асырылып жатыр.

 

  1. «Қазақ тілінен латын графикасына кезеңмен көшу туралы»

Ақпарат беруші: Нұғыман М. Т., Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлім секторының  меңгеруші

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша Павлодар қаласында кешенді шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру жөнінде қала әкімінің орынбасары С. Мұқанов басшылық ететін жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына ғалымдар, тілші филологтар, журналистер және зиялы қауым өкілдері кірді. Жұмыс тобы мүшелерінің алғашқы отырысында ағымдағы жылдың соңына дейін, яғни қазан-желтоқсан айларына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес бүгінгі күнге дейін бірқатар жұмыстар атқарылды.

Латын әліпбиін әлем тілдерінің 34,6 пайызы қолданылады, ал кирилица 4,5 пайыз ғана. Әрі әлемдік ғылым мен білімнің 80 пайызға жуығы латын әліпбиімен жазылған. Латын графикасына көшу арқылы біз осы орасан зор ғылым мен техника тіліне жол ашамыз.

Әрі латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен біртіндеп жүргізілетін болады. Яғни 2025 жылдан бастап қана толыққанды көшетін боламыз.

  1. «Мәдени және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелерде ақылы үйірмелер мен клубтарды сапалы ұйымдастыру жайы.

Ақпарат беруші:  Балакина Г. К., Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлім секторының  меңгеруші

  1.   «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне қарасты мекемелерде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жайы туралы»

Ақпарат беруші:  Кузьменкова Л. И., ішкі саясат бөлім басшысының міндеті атқарушы.

  1. «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт алаңдарын өз баланыстарына қою  және онда жөндеу жұмыстарын жүргізу  туралы атқарылған жұмыстары жайлы».

Ақпарат беруші: Қабиев А. М., дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы.