Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңындағы есептік кездесуі

6vTWORLIrr4

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Павлодар қаласының № 16 жалпы орта білім беру мектебінде мәслихаттың депутаттары ( Мұқашева Зәуреш Қуантайқызы, Әбенов Ерқанат Қайратұлы, Сейітжанов Абылай Раббаниұлы) № 1 шағын ауданның ардагерлерімен, өз округтерінің сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Ең алдымен депутаттар ардагерлерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтады, оларға құттықтау хаттарын табыс етті.

Депутаттар «Дөңгелек үстел» басында осы шағын ауданның күрделі мәселелерін талқылады, есептік кезеңде атқарылған жұмыстар және 2017 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы айтып береді.

Әңгімелесу барысында ардагерлер халық сайлаушыларына өз ұсыныстары мен тілектерін айтып берді.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаты, перинаталдық орталықтың бас дәрігері Оспанова Айман Қайыркенқызы шақырылды, ол өзінің депутаттық қызметіндегі негізгі сәттеріне тоқталды.

Қала ардагерлеріне сыйлық ретінде «Ардагер-Ветеран» газетіне жылдық жазылым ұсынылды.

gQyQk_t4VHg (1) dAPeJbLuHMo K9WYV_TSKug