Регламенті

  • Сессия басталғанға дейін енгізілетін сауалдар сессияның төрағасына, мәслихат хатшысына беріледі және оларды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе шешілген жағдайда оның отырысында қаралады. Сауал бағытталған органға немесе лауазымды адамға мәслихаттың хатшысы оның көшірмесін жолдайды. Сессияны өткізу барысында енгізілетін сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі.
  • Сессияда қаралуға тиіс басқа мәселелерге байланысы жоқ сауал күн тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізіледі не сессия жұмысының соңында бұл үшін арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін сауалдармен және сұрақтармен жұмыс істеуге уақыт резерві көзделетіндей етіп айқындайды. Сессияда шешілуге тиіс басқа мәселелермен байланысты сауалдар күн тәртібіне енгізілмейді және төрағалық етуші оларды сессияда тиісті мәселе бойынша жарыссөздер басталғанға дейін жария етеді.
  • Депутаттық сауал мәслихат сессиясында жазбаша түрде ұсынылады. Депутат сауалында өтініп отырған нақты лауазымдық тұлғаны және күтілетін жауаптың үлгісін (жазбаша) көрсетуі міндетті. Мәселені сессияның жалпы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін депутат өтініш білдіру туралы ниетін  сессия төрағасына, мәслихат хатшысына хабарлайды. Сессия отырысына сауал жолданған лауазымдық тұлға шақырылады. Депутат оған сауалдың не жөнінде екендігін алдын ала айтуы мүмкін.
  • 3 Депутаттық сауал мәслихат сессиясында жариялануы тиіс, және ол бойынша пікірталастар ашылуы мүмкін. Жауап осы сессияда, жазбаша жауапқа қосымша дайындық қажет болған жағдайда бір айдан аспайтын мерзімде берілуі мүмкін. Депутат сауал бойынша жауапқа өз пікірін білдіруге құқылы.
  • Мәслихат аппараты депутаттық сауал жалпы отырыста жарияланғаннан кейін үш күн ішінде оны сәйкес лауазымдық тұлғаға жолдайды.
  • Депутаттық сауал жолданған жергілікті атқарушы органды, мекеменің мүддесін білдіретін лауазымдық тұлға оған жауапты бір айдан кешіктірмей беруі тиіс. Депутаттық сауалға берілген жауап бойынша пікірталастар ашылуы мүмкін. Депутаттар сауал бойынша жауапқа өз көзқарасын білдіруге құқылы. Депутаттық сауалға жауап бойынша және оны талқылау қорытындылары бойынша мәслихат   шешімі   қабылданады.   Депутаттық   сауал  және  жауап
  • бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

    1. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы. Прокурорға  жолданған   сауалдар    қылмыстық   қудалауды  жүзеге  асырумен байланысты болмауы тиіс.

     

     

    1. Мәслихаттың лауазымды адамдары, тұрақты комиссиялары және өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бірлестіктері

     

    5.1. Мәслихат сессиясының төрағасы

     

    1. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында оның депутаттарының арасынан ашық дауыспен сайланады.