Регламенті

Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.

  1. Жоспарлардың, аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердің, аумақты басқару схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына шығарылатын басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің тиістілігіне қарай келісу бұрыштамалары қойылған, мәселені қарастыруды бастамашының заңды негіздеме — қорытындысымен барлық қажетті материалдары қоса берілген қазақ және орыс тілдеріндегі жобалары мәслихатқа кезекті сессияға дейін үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

Жергілікті бюджеттің ұлғаюын, азаюын ұйғаратын шешімдердің жобасына бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның қорытындысы беріледі.

Мәслихат шешімдерінің жобасын өңдеу үшін жауапкершілік мәселені қарастырушы бастамашыға жүктеледі.

  1. Павлодар қаласы бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылуы мүмкін.

Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.

Павлодар қаласының бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы Павлодар облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

  1. Мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгізілген жағдайда, материалдарды ұсыну  бюджеттік  заңнамада  көзделген  мерзімдерде  жүзеге асырылады.
  2. Қаланың  бюджеті    нақтыланған   кезде,   мәслихаттың  кезектен тыс

сессиясында оны шақыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты (уақытша) комиссияларда бюджет жобасын қарау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 

 

  1. Есептерді тыңдау тәртібі

 

  1. Павлодар қалалық мәслихаты Павлодар қаласы әкімінің есептерін тыңдау    жолымен    жергілікті    бюджеттің,    аумақтарды      дамыту