Регламенті

Көпшілік тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Көпшілік тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.

  1. Қаралатын мәселелер «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік немесе қызметтік құпияға жатқызылған жағдайларды қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, әдетте, ашық болады.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.

Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.

Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.

 

 

5.4. Сайлау комиссияларының құрылу тәртібі.

 

  1. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру және сайлау кезінде мәслихаттың тәжірибелік қызметінде қолдану мақсатында мәслихатпен сайлау комиссияларын құрылу бойынша тәртіп Қазақстан Республикасының

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясының ұсыныстарына сәйкес іске асырылады.

  1. Сайлау комиссияларын қалыптастыру, саяси партилардан, қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен құжаттамаларды өңдеу үшін мәслихат хатшысымен депутаттар мен мәслихат аппараты қызметкерлері арасынан уақытша комиссия құрылады.

Сайлау комиссиларының құрамын дайындау барысында уақытша комиссия ең алдымен саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды жеткіліксіз жағдайда қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын басшылыққа алады.

Әрбір саяси партия немесе қоғамдық бірлестік әрбір сайлау комиссиясына тек қана бір кандидатура ұсынуға құқылы. Ұсынылған кандидатура Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына  қатаң сәйкес келуі тиіс.

  1. Сайлау комиссиларын құру кезіндегі дауыс беру тәртібі мәслихатпен анықталады.