Регламенті

Павлодар қалалық

мәслихатының

2015 жылғы 22 қазандағы

№ 428/58 шешімімен бекітілді

 

 

Павлодар қалалық мәслихатының

регламенті

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Павлодар қалалық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және Павлодар қалалық мәслихат (бұдан әрі – мәслихат) сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.
  2. Мәслихат (жергілікті өкілді орган) – Павлодар қаласының халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат заңды тұлға құқығын иеленбейді.
  3. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

 

 

  1. Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі

 

2.1. Мәслихат сессиялары

 

  1. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.

Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса,  ол заңды. Отырыстың  заңдылығын анықтау  үшін

сессия   басталар   алдында  және  әрбір  үзілістен  кейін  мәслихат аппаратымен

депутаттарды тіркеу жүргізіледі. Сессия жалпы отырыс нысанында өткізіледі.