13.11.2018

А.ж. 13 қарашада қалалық  мәслихат депутаты В.П.Пряхин  ТҮКШ бөлімімен,қаланың қоғамдық   кеңес  өкімімен және мердігерлік ұйымдармен бірлесе отырып, бюджет қаражатын пайдалануын бақылау бойынша, «Толқын» саябағында алғашқы тұз табушыларға ашылған  ескерткіш және күрделі […]

08.11.2018

А.ж. 7 қарашада партиялық бақылау және аймақ басшысының тапсырмасы аясында, қалалық мәслихат депутаты В.П.Пряхин Павлодар облысының көлік инспекциясы және ОСПК төрағасымен, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы қызметкерлерімен бірлесіп «Павлодар-Ленин» бағыты […]

06.11.2018

А.ж. 6 қарашада Павлодар қаласының мәслихат депутаттары  М.А. Баяндин, В.В. Кнутас Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы алаңыңда «Павлодарэнерго» АҚ, «Павлодар электр желілер тарату корпорациясы» АҚ, «Павлодар жылу жүйелері» ЖШС-мен инвестициялық бағдарлама  […]

01.11.2018

Тұрғын үйлерде температуралық тәртіп мәселесін қарастыру жөнінде тұрақты комиссия отырысы

Мәслихаттың ТҮКШ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясында тұрғын үйлерде қыздырмау сұрағын қарастыру жоспарланған. Осы мәселе бойынша мәслихат депутаттары берілген мекенжайларда қыздырмау себептерін анықтау бойынша  ПИК төрағаларымен жұмыс жүргізді.Тұрғын үй инспекция бөлімінің […]



13.11.2018

Іске әйел кіріссе

Павлодарда облыстың барлық жерінен бизнес-ледилерді жинаған Іскер әйелдер форумы өтті. Бейресми кездесуге Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің басшысы Ләззат Рамазанова да қатысты. Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің шамамен айтқанда 60%-ын әйелдер басқарады, – деп атап өтті Астанадан келген қонақ. – Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа қарқыны белең алды. Және де көптеген әйелдердің микро-бизнестен жоғары сатыға көтеріліп, өздерінің жасап жатқан жұмыстары арқылы аймағына пайдасын тигізгеніне қуаныштымыз. Форум аясында әйел азаматтар басқаратын кәсіпорындардың өнімдерін тамашалауға мүмкіндік беретін көрме ұйымдастырылды. Ішінде тамақ та, киім де, пластикалық терезелер және тағы көптеген заттар қойылған. Аймақ басшысы атап өткендей, павлодарлық әйелдер тіпті металлургиялық өнімдерді жеткізу саласына да енген. Осы бизнес-ледилердің арқасында «Made in Pavlodar» өнімдерін шет елдерде де жақсы біледі. – Өткен аптада біздің делегация Петропавлда өткен Шекаралық ынтымақтастықтың ХV форумына қатысқан болатын, – деді облыс әкімі. – Сондағы ресейлік қонақтар «Крендель» компаниясының өнімдері мен басшысын жақсы біледі екен. Біз міндетті түрде шағын және орта бизнеске көмектесеміз, тіпті өнімдерін сатысуға да дайынбыз. Форумның соңында аймақтың үздік бизнесвумендеріне алғыс хаттар табысталды. Валерий Бугаевтың фотосы Сообщение Іске әйел кіріссе появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
12.11.2018

Достық қатынас нығайды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов және Түмен облысының губернаторы Александр Моор әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Екі аймақ басшысы құжатқа қолдарын Петропавл қаласында өткен XV қазақстандық-ресейлік аймақаралық ынтымақтастығы форумы барысында қойды. Аймақаралық келісімдерге қол қою салтанаты пленарлық отырыстан кейін екі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өтті. Қазақстан және Ресей өңірлерінің әкімдері мен губернаторлары, сонымен қатар екі мемлекеттің коммерциялық құрылымдары 10 шақты келісімге қол жеткізді. Олардың қатарына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Түмен облысының губернаторы Александр Моордың арасындағы келісім де болды. Бұл құжат осы жылдың сәуір айында Болат Бақауовтың Түменге жасаған ресми сапарының барысында бастау алған жұмыстың нәтижесі болды. Сонымен қатар аймақ басшысы Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенкомен келіссөздер жүргізді. Павлодар облысының әкімі өзінің ресейлік әріптесіне Ертіс өңірінің туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Суретті түсірген – Валерий Бугаев. Сообщение Достық қатынас нығайды появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
09.11.2018

Туристік байланыс нығая түседі

Павлодарлық туроператорлар Тюмень облысындағы әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Олар Петропавл қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында осындай келісімге келді.  Туристік саладағы әріптестік туралы құжатқа павлодарлық “Roman Tour” компаниясының директоры Игорь Черных пен Тюмень қаласындағы «Континент» ААҚ-ың өкілі Александр Омельченко қол қойды. – Біз нарықта жұмыс істеп келе жатқан 17 жыл ішінде тюмендіктерді Қазақстанға апарып келеміз. Бір маусымда кемінде екі автобус туристер қатынайды, – деді Александр Омельченко. – Біздің негізгі бағыттарымыз Ақмола облысындағы Щучинск және Бурабай, Астана қаласы мен Қарағанды облысы. Меморандум жасасқаннан кейін павлодарлық әріптестермен бірігіп, Павлодар облысы бойынша туристік турлар сызбасын құрамыз. Бізді өңірдің тарихи орындары мен емдік-курорттық бағыттар қызықтырады. Екі тарап қол қойған тағы бір меморандум бойынша туризм саласы, экскурссиялық және көрмелік-жәрмеңкелік жұмыс бойынша іскерлік байланыстарды дамыту көзделіп отыр. Сонымен бірге, форум кезінде Павлодар облысында өндірілетін тауарлар мен қызметтерді сату орталығының басшысы Дмитрий Корепанов пен ресейлік  «Pro» компаниялар тобының бас директоры өзара келісімге келді. Тараптар павлодарлық тауар өндірушілердің өнімдерін Свердлов облысына тасымалдау бойынша келісті. Аймағымызда өндірілген көкөністердің алғашқы партиясы жақын арада Ресейге аттанады. Болашақта павлодарлық кәсіпорындар өз әріптестеріне ет және жарма өнімдерін жеткізе бастайды. Фото Валерий Бугаевтікі Сообщение Туристік байланыс нығая түседі появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
09.11.2018

Дәмі тіл үйіреді

Петропавл қаласында өтіп жатқан форум аясындағы мамандандырылған көрмеде Павлодар облысының туристік әлеуеті көрсетілді. Шекаралық ынтымақтастықтың ХV форумын қатысушылары Баянауылдан әкелінген етті деликатестер және қазақтың ұлттық десерттері – қоспа мен талқанның дәміне таң қалды. Павлодарлық делегация мүшелері халықаралық кездесуге келгендерге Баянауылдың көрікті жерлері, Маралды мен Тұзқаланың емдік қасиеті бар тұзды көлдері және Шалдай орманының таза ауасы туралы айтып берді. – Біздің нарыққа келгенімізге 10 жыл болды, осы уақыт аралығында Ресейден Павлодарға қарай ағылған туристер саны шамамен 30%-ға артты, – деді «RomanTour» туристік компаниясының басшысы Игорь Черных. – Бізге жылына кей кезде 2 рет, отбасымен және 15-20 шақты жолдастарымен келетін тұрақты клиенттеріміз бар. Осы форумның арқасында біз Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағынды бірнеше есе арттырсақ деген ниетіміз бар. Қонақтарға арнап павлодарлықтар облыс аудандарының аспаздары әзірлеген қазақтың ұлттық тағамдарын әкеліп, дәм сарапшылық үстелге қойды. Етті Баянауылдан, талқанды Павлодар ауданынан жеткізіпті. Форумға келген ресейлік қонақтар барлық деликатестен жарыса дәм татты. – Мен өмірімде бірінші рет балқаймақ жедім, – деді Омбы облысының тұрғыны Алина Лининг. – Бал мен қаймақты араластыру мүлдем ойға келмепті, алайда ерекше шыққан тәттілігі мені екі есе қайран қалдырты. – Баянауылдан әкелінген еттің дәмі тіл үйіреді, – дейді Краснодардан келген Андрей Николаев. – Теледидардан шоколадты дәмі тіл үйіреді деп жарнамалайды ғой, Баянауылдың етін де дәл осылай жарнамаласа болады. Қазақстан мен Ресейдің өзге де аймақтарының өкілдері форум қонақтарын түрлі дәмділермен таң қалдырмақ болды. Мысалы, алматылықтар «апорт» сортының алмасын әкелген екен, ал Ямало-Ненецкий автономды округінен келген делегация барлығын жұқа етіп тілініп, тоңазытылған етпен сыйлады.  Валерий Бугаевтың фотосы Сообщение Дәмі тіл үйіреді появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
08.11.2018

Павлодар облысының туристік әлеуеті таныстырылды

Петропавловскте туризмнің дамуына арналған XV Қазақстан-Ресей шекаралас ынтымақтастық форумы басталды. Форумға Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерімен қатар Павлодар облысының делегациясы да қатысып жатыр. Ресей Федерациясынан келген қонақтардың көбі біздің өңірдің туристік потенциалы таныстырылатын стендке қызығушылық танытты. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі таңда Ресейден Павлодар облысына жыл сайын 10 мыңға жуық турист келеді екен. Бұл көрсеткіш жалпы туристердің санының   7%-ын құрайды.   – Біз туристік инфрақұрылымды кеңейту және жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Алдағы екі жылда Ресейден келетін туристердің санын 20 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз, – деді ведомство басшысы Дастан Рыспеков. – Баянауыл ауданындағы Мырзашоқы тауында тау-шаңғы базасын іске қосу және Маралды тұзды көліндегі туристік аймақты дамыту туристердің санының артуына серпін береді. Ресейліктер Қазақстанмен арадағы туристік байланысты дамытуға мүдделі. Мамандардың айтуынша, өзара туристік сапарлардың артуы екі тарапқа да тиімді. – Татарстанға келетін қазақстандықтардың саны жылына 25 мың адамды құрайды. Қазақстанға баратын татарстандықтардың саны да осындай шығар деп ойлаймын, – деді Татарстан Республикасының туризм жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Сергей Иванов. – Татарстандықтар Алматы таулары, Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл туралы жақсы біледі. Павлодар облысына келер болсақ, біз Баянауыл ұлттық табиғи паркі, ондағы көлдер мен таулар туралы жақсы білеміз. XV Қазақстан-Ресей шекаралас ынтымақтастық форумы екі күнге созылады. Форумға екі елдің басшылары: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысады. Сообщение Павлодар облысының туристік әлеуеті таныстырылды появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
08.11.2018

Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарында жеке үй пайда болады

Тең құқылы серіктестер болу үшін үкіметтік емес ұйымдар тек мемлекеттік бюджет қаражатына сене бермей, біліктілік деңгейін арттыру керек, – деді аймақ басшысы азаматтық форум барысында. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы белгілі бір нәтижеге көзделуі тиіс,- дейді облыс әкімі Болат Бақауов. -Біздің ортақ мақсатымыз флешмобтарды өткізу емес, нақты әлеуметтік мәселелер мен міндеттерді орындау болуы қажет. ҮЕҰ-мен тиімді жұмыс істеу мақсатында жылдың соңына дейін аймақта облыстық Үкіметтік емес ұйымдар үйі ашылады. Оның көмегіне ұйымдардың өздері, белсенді азаматтар мен еріктілер жүгіне алады. Аймақ басшысы айтып өткендей өңірлік ҮЕҰ-лардың көбі белсенді, әрі еңбекқор болып табылады. Осы қасиеттер жұмыста жетістіктерге жетуге көмектеседі. Алайда бірқатар қиындықтар да туындауы мүмкін. Қазіргі таңда қалалық аймақтармен салыстырғанда ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдар әлдеқайда баяу дамиды. Бұл мамандардың жетіспеушілігіне және олардың біліктілік деңгейлерінің төмендігіне байланысты. Осы мәселені шешу үшін әкімдіктерге белсенді ҮЕҰ-ларды іздестіру мен қолдау жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берілді. Болат Бақауов айтып өткендей ұйымдардың бір бөлігі қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу үшін емес, бюджеттік қаражатты игеру үшін жұмыс істейді. Соған қоса облыста мемлекеттің қолдауынсыз әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген ұйымдар да бар. Осылайша «Клуб добряков Павлодара» жылдың басынан бастап 143 млн теңгеге көмек көрсетті.  – Павлодарлықтардың мұқтаж адамдарға пәтерлері мен үйлерін тегін пайдалануға берген істері бізді өте қуантады, – деп бөлісті аймақ басшысы. – Әлеуметтік желілерден біз олар жасап жүрген игі істердің бір бөлігімен ғана таныспыз. Біз тіпті олардың барлықтарының түрлерін де білмейміз, бірақ олар күн сайын адамдарға көмектесіп жүр. Сонымен қатар алғыс сөздері өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлес қосып жүрген ауған соғысы ардагерлеріне, жергілікті соғыстар қатысушыларына, интернационалист-жауынгерлер әскери тобына айтылды. – Бүгін біздің ҮЕҰ-лар қоғамда болып жатқан барлық үрдістердің белсенді қатысушысы мен тең құқылы және жетілген серіктес ретінде қалыптасқаны жөнінде нық сеніммен айта аламыз, – деді Болат Бақауов. – Осындай тығыз байланыстың арқасында ғана біз алға қойған мақсаттарға жетеміз. Суретті түсірген – Ольга Бугаева Сообщение Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарында жеке үй пайда болады появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.